2022 жылғы 24 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысында «Ашық әкімдік» бірыңғай қабылдау күні өтеді

2022 жылғы 24 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысында «Ашық әкімдік» бірыңғай қабылдау күні өтеді



Құрметті облыс тұрғындары!

Президент Қ.К.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында ағымдағы жылғы 24 желтоқсанда сағат
10.00 – де «Ашық әкімдік» бірыңғай қабылдау күні өтеді.
«Ашық әкімдік» бірыңғай қабылдау күні барысында облыс және Орал қаласы басшылығы, облыстық басқармалар және құқық қорғау органдары, коммуналдық қызмет басшылары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Бұл ретте, осындай шара барлық аудан орталықтарында аудан басшылығы, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының қатысуымен жүзеге асырылады.
Шараның өтетін орны: «Amanat» партиясы облыстық филиалының ғимараты, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 19.