Нариман Төреғалиев облыс орталығының коммуналдық мекемелерге барды

Нариман Төреғалиев облыс орталығының коммуналдық мекемелерге барды



Өңір басшысы алдымен Орал қаласы бойынша, сондай-ақ қала маңындағы Зачаган, Деркөл, Круглоозерное, Серебряково, Желаев селолық округтері, Плодоовощной, Асан, Переметный елді мекендерінен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын «Орал Таза Сервис» ЖШС-нде болды.

Компания директоры Рафхат Данагулов өңір басшысын ұйымның жұмысымен таныстырды. Бүгінде аталған мекемеде ҚТҚ жинау үшін күніне 22-ден 25 бірлікке дейін мамандандырылған техника жұмыс жасайды. Шығарылатын ҚТҚ көлемі 180-ден 220 тоннаға дейін. Компания 635 алаңға, 2 761 ҚТҚ контейнеріне қызмет көрсетеді.

Кездесуде Н. Тұрағалиев ҚТҚ жинау мен әкетудің өзекті мәселелерін көтерді. Атап айтқанда, контейнерлердің жетіспеушілігі, сондай-ақ ҚТҚ полигонының мәселелері талқыланды. Облыс әкімі тұрмыстық қалдықтарды жинау жұмысында тұрғындардың экологиялық мәдениетінің деңгейін арттыру жұмысына ерекше назар аударды.

Бұдан әрі облыс әкімі "Жайық Таза Қала" ЖШС қызметімен танысты. Ағымдағы жұмыс туралы ЖШС құрылтайшысы Тұрарбек Тілемісов және кәсіпорын директоры Ринат Нұрғалиев баяндады.

Кәсіпорын қызмет көрсететін жолдардың жалпы ұзындығы 615 км, оның ішінде тротуарлар – 236 км, кешенді жинау алаңы 10 300 мың м2 құрайды. "Жайық Таза Қала" ЖШС қызметкерлерінің саны 750 адамды құрайды. Қолмен тазалау бойынша 30 бригада бар. Техника жұмысының сапасын оңтайландыру үшін техниканың әрбір бірлігіне GPS жүйесі орнатылды. Орындалатын жұмыстарды бақылау және мониторингтеу процесін маман жеке жабдықталған кабинетте жүргізеді. Кәсіпорын тәулік бойы жұмыс істейді.

Кездесуде қаржыландыру мәселесі, жанар-жағармайдың қымбаттауы, сондай-ақ қала аумағынан шығарылатын қарды сақтау орындарының мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында БҚО әкімі «Орал Таза сервис» және «Жайық таза қала» ЖШС қызметкерлерімен әңгімелесіп, адал еңбектері үшін алғысын білдірді.