
БҚО-да коронавирустың таралуының алдын алу шаралары жүзеге асырылуда. Аталған іс-шаралар шеңберінде науқас адамдармен қарым-қатынасқа түсуі мүмкін деген тұлғаларды орналастыруға арналған карантиндік пункттердің бірін Теректі ауданының Ақжайық ауылында ашу қарастырылуда.
Коронавирустың таралуының алдын алу және ауылдық инфекциялық аурухананың ғимаратында карантин пунктін ашу қажеттілігін түсіндіру мақсатында ауыл тұрғындарымен облыс әкімінің орынбасары Бибігүл Қоныспаева, БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы М.Арыспаев және де жауапты тұлғалар арнайы келді. Олар халықпен ашық кездесіп, ауыл тұрғындарына көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.
Әзірге коронавируспен ауырған адамдар тіркелген жоқ. Бірақ карантинге жабылған адамдар бар. Бірақ ол коронавируспен ауырды деген сөз емес, ол аурумен ауырған адамдарды ауылға әкелмейміз. Мұнда тек медбикелік күтімге зәру күдікті деген адамдар ғана жатқызылады. Яғни 14 күн инкубациялық уақыты, карантиндік мерзімі біткесін әр азамат үйлеріне қайтарылатын болады. Олардың анализдері Алматы және Нұр-Сұлтан қаласындағы арнайы зертханаларға жіберіледі. Егер күдік расталса олар бірден инфекциялық ауруханаға жеткізіледі. Бірақ әзірге ондай дерек бүгінге дейін тіркелген жоқ. Пункттің ашылуына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, жауапты кезеңде бұл өте маңызды, - деді Бибігүл Қоныспаева.
zhaikpress.kz