БҚО әкімі Алғыс айту күнімен құттықтады

БҚО әкімі Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті батысқазақстандықтар!

Біз бүгін еліміз бойынша тойланатын Алғыс айту күнін атап өткелі отырмыз.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған бұл күні біз адамгершілік пен руханияттың салтанат құрғанын құрметпен еске аламыз. Қайырымдылық, қамқорлық пен бір бірімізге деген құрмет қазақ жеріндегі достық пен келісімнің бірегей де қымбат үлгісін қалыптастырды. Көктемнің алғашқы күнінде туған өлкеміз бен отандастарымызға құрмет сезімімізді білдіреміз.

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге тарихи құнды естеліктерді сақтап, ұрпақтар сабақтасты мен халықтар достығын нығайтқандарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін.

Сіздерге бақыт, амандық, бейбітшілік тілеймін!

БҚО әкімі Ғали Есқалиев