
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
Орал қаласы бойынша төмендегі мекенжайларда сағат 9.00-ден 13:00-ге дейін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетінін хабарлаймыз:
22 қазан күні (сенбі) - Сырым Датов көшесі, «Алтындар» гипермаркеті маңында;
23 қазан күні (жексенбі) - Ықсанов көшесі бойында;
24 қазан күні (дүйсенбі) – Зашаған кентіндегі «Көк базар» аумағында (Жәңгір хан көшесі,75)
Ниет білдіруші кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерін және қала тұрғындарын жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз!