
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іске қосылған проекциялық жарықтандыру құрылғысы көлік қозғалысы көп М.Мәметова көшесі бойында, Әбілқайырхан даңғылындағы «Жигули» аялдамасы және №7 мектеп маңына орнатылған. Проекциялық жарықтандыру құрылғысы арқылы ауа-райының кез келген түрінде жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер жолдағы ақ-сары жаяу жүргіншілер жолағын анық көруге мүмкіндік алады.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиевтың айтуынша, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы бұл жұмыстар келесі жылы да жалғасады.