Өңір басшысы Ақжол ауылдық округінің Ілбішін ауылында тұрғындармен кездесті. Ауыл тұрғындары ауылдың ішіндегі электр желілерінің сымдары мен бағаналарын ауыстыруға көмектесуді сұрады.
Сонымен қатар, тұрғындар Қабыл, Тінәлі, Битілеу елді мекендеріне кіреберіс жолдарды күрделі жөндеу мәселесін, Тінәлі ауылына балалар ойын алаңын салу, ауылдан облыс және аудан орталығына қатынайтын автобус, жайылымның тапшылығын, бұралқы ит мәселесі және т.б. мәселелерін көтеріп, өңір басшысы тұрғындарды алдағы жоспарларымен таныстырып, көтерілген мәселелердің шешім жолдарын айтып өтті. Кездесу соңында облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы мен облыстық басқармалар, құқық қорғау құрылымдарының басшылары тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
Облыс әкімі Базартөбе ауылына да барды. Онда орта мектептің күрделі жөндеуімен, саябақта базартөбелік ақсақалдармен жолығып, асыл тұқымды ақбас сиырын өсіретін «Ілбішін» ЖШС-ның жұмысымен де танысты.
Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің жұмыс сапары туралы толық ақпаратты zhaikpress.kz сайтынан және «Орал өңірі» газетінен Ясипа Рахимқызының мақаласынан оқи аласыздар.