
– Бүгін мерекеге орай Сіздермен емен-жарқын әңгімелесіп, мерекелік тілегімізді жеткізу үшін арнайы келіп отырмыз. Сіздерді отбасы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер қажырлы еңбек, тағылымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын лайықты жалғастырып келе жатқандарыңыз үшін зор ризашылығымды білдіремін. Берік отбасылық құндылықтар арқылы ғана мемлекеттің іргесі мығым, ғұмыры мәңгі болады. Сіздерге зор денсаулық, береке-бірлік, жақсылық тілеймін! Шаңырақтарыңызға махаббат пен татулық салтанат құрсын!, – деген өңір басшысы үлгілі отбасыға құрмет көрсетіп, сый-сияпаттарын табыс етті.
Өз кезегінде отбасының үлкені Нәсіпқаным Мұратқызы барша өңір тұрғындарын осынау шуақты мерекемен құттықтап, әрбірі жанұядағы бірлікті, татулықты сақтаудағы тәрбиенің рөліне ерекше тоқталды.
Нәсіпханым Мұратқызы Жәнібек ауданында мал шаруашылығы саласында қызмет атқарған. Бүгінде бейнетінің зейнетін көріп, немере-шөбере сүйіп отырған аяулы әже.
Ұлы Айболат Жәнібек ауданында ауыл шаруашылығы саласында басшылық қызмет атқарды, бүгінде мал шаруашылығы саласында еңбек етеді.
Келіні Ғалия есеп саласында қызмет еткен. Осы саладағы үздік табысты еңбегі үшін облыстық қаржы басқармасы басшысының «Құрмет грамотасымен” марапатталды.
Немере бала-келіні Рустам мен Гүлмира да қоғамға өз үлестерін қосып жүрген азаматтар. Олардан тараған 5 ұл-қыз бүгінде қаладағы үздік мектептердің бірінде білім алуда. Оқуда үздік, қоғамдық шаралардың бел ортасынан табылады.
Бисенғалиевтер отбасы мектептің мәдени шараларына белсене қатысып, спорттық шараларға ат салысады.
Ғалия әжеміз мектепте құрылған «Ғибрат» әжелер клубының тұрақты мүшесі. Көп балалы, өнегелі отбасы ретінде қалалық «Парасатты отбасы» байқауына қатысып, «Ең үздік ынтымақты отбасы» аталымына ие болды.