
Конкурстық комиссияның шешіміне және меритократия қағидаттарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы лауазымына Нұртазиев Миржан Жанғазыұлы тағайындалды.
Нұртазиев Миржан Жанғазыұлы 1987 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін финанс мамандығы бойынша аяқтаған.
Әр жылдары:
- Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй қорын ұстау секторының бас маманы;
- Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй қорын ұстау секторының меңгерушісі;
- Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары;
- Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысы;
- Батыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы энергетиканы дамыту бөлімінің бас маманы;
- Теректі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
Бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етті.