
Облыс әкімі Ғали Есқалиев Бәйтерек ауданы Рубежинское ауылында пайдалануға берілген керамикалық кірпіш өндіретін "134" ЖШС зауытымен танысты.
Жобаның құны 1,7 млрд теңгені құрайды, 70 жаңа жұмыс орны ашылды, зауыттың қуаттылығы – жылына 30 млн дана кірпіш. Жобаны іске асыру үшін "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде кредит бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Шикізат базасының болуын ескере отырып, осы өнімді шығару импорт көлемін азайтуға және облыстың шығарылатын өнімге қажеттілігінің едәуір бөлігін қолайлы бағамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Алла Лучинина