Елордамызда Қарашығанақ жобасын басқару комитетінің бірлескен жиыны өтті. Оған облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысты.

Елордамызда Қарашығанақ жобасын басқару комитетінің бірлескен жиыны өтті. Оған облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысты.



Кездесу барысында өңіріміз үшін аса маңызы бар әлеуметтік-экономикалық мәселелер қаралды. Атап айтқанда, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жобаның өндірістік көрсеткіштері, инвестициялық және әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалардың ағымдағы мәртебесі талқыланды.

Сонымен қатар, жиын барысында Орынбор газ өңдеу зауытында шикі газды өңдеу көлемін ұлғайту перспективалары, ағымдағы жылдың ақпан айында 3 жақты комиссия қабылдаған шешімге сәйкес мердігер компаниялардың орта және кіші қызметкерлері үшін жалақыны арттыру мәселелері пысықталды.

Аталған іс-шараларды сапалы және уақтылы іске асыру 2022 жылға арналған KPO b.v. өндірістік жоспарын орындау үшін қажет.