Кадрлық тағайындау

Кадрлық тағайындау



ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыс әкімдері орынбасарларының санын шектеу туралы тапсырмасына сәйкес, ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде, Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары Каюпов Тілепберген Ерсайұлы облыстық қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мен облыстық қаржы басқармалары біріктіріліп, облысымыздағы ең үлкен басқарма - қаржы басқармасы болып аталды.

Қайта құрылып, күшейтілген басқарманың алдына облыс әкімі Ғали Есқалиев келесі міндеттерді жүктеді - бюджетті жоспарлау және игеру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына жетекшілік ету, бюджетті оңтайландыру, бюджетке қосымша кіріс көздерін табу және т.б.

Басқарма ұжымымен кездесу барысында өңір басшысы атқарылған нәтижелі жұмыстар үшін Нұрлан Есенғалиевке алғысын білдіріп, жаңа басшы Тілепберген Каюповке жаңа қызметте сәттілік тіледі.

Каюпов Тілепберген Ерсайұлы – 1976 жылы туған. Білімі - жоғары. 1997 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы университетін «бухгалтер-қаржыгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.


Әр жылдары:
-Казталов аудандық салық комитетінің инспекторы, Казталов аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы;
-Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының бөлім басшысы, басшының орынбасары;
-Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары;
-Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары.
-Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.
2021 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамту мәселелеріне жетекшілік еткен болатын.