Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкіміне сәйкес жоғары оқу орындары арасында жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімді мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс жарияланады.
Конкурсқа қатысу үшін жоғары оқу орындары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 9,11, 17 қосымшаларының талаптарына сәйкес құжаттарды тапсырады.
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар нөмірленеді, ЖОО-ның бірінші басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен электрондық форматта ұсынылады.
Конкурсқа өтініш 2022 жылдың 18-22 шілде аралығында, жергілікті уақыт сағат 09.00 – 18.30 дейін, 090000 индексі, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72 үйде орналасқан мекенжайда, облыстық білім басқармасында және е-mail: uo.zko@bko.gov.kz поштасында қабылданады.
|
№ |
Даярлау бағытының коды және атауы |
Білім беру бағдарламасы тобының коды |
Білім беру бағдарламалары тобының атауы |
Грант саны |
|
1 |
6В014 Жалпы дамытудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау |
В005 |
Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау |
10 |
|
2 |
6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау |
В009 |
Математика мұғалімдерін даярлау |
10 |
|
3 |
6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау |
В017 |
Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау |
10 |
|
4 |
6В021 Өнер |
В021
|
Орындаушылық өнер |
6 |
|
5 |
6В021 Өнер |
В023 |
Театр өнері |
2 |
|
6 |
6В021 Өнер |
В028 |
Хореография |
2 |
|
7 |
6В022 Гуманитарлық білімдер |
В033 |
Дінтану және теология |
2 |
|
8 |
6В052 Қоршаған орта |
В052 |
Жер туралы ғылым |
2 |
|
9 |
6В061 Ақпараттық коммуникациялық технологиялар |
В057 |
Ақпараттық технологиялар |
4 |
|
10 |
6В071 Инженерия және инженерлік іс |
В062 |
Электр техникасы және энергетика |
2 |
|
11 |
6В071 Инженерия және инженерлік іс |
В064 |
Механика және металл өндеу |
2 |
|
12 |
6В071 Инженерия және инженерлік іс |
В065 |
Автокөлік құралдары |
2 |
|
13 |
6В073 Сәулет және құрылыс |
В074 |
Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс |
2 |
|
14 |
6В081 Агрономия |
В077 |
Өсімдік шаруашылығы |
2 |
|
15 |
6В083 Орман шаруашылығы |
В079 |
Орман шаруашылығы |
3 |
|
16 |
6В091 Ветеринария |
В083 |
Ветеринария |
2 |
|
17 |
6В101 Денсаулық сақтау |
В086 |
Жалпы медицина |
60 |
|
18 |
6В113 Көлік қызметтері |
В095 |
Көлік қызметтері |
1 |
|
Барлығы: |
124 |
|||