Оралда «Оралагрореммаш» АҚ базасында «IVECO» жайлы қалалық автобустарын құрастыру басталады.

Оралда «Оралагрореммаш» АҚ базасында «IVECO» жайлы қалалық автобустарын құрастыру басталады.



Бұл туралы облыс әкімі Ғ.Н.Есқалиевтің әлемдегі ең ірі автомобиль жасау компанияларының бірі - италиялық IVECO GROUP компаниясының Орта Азия бойынша вице-президенті Касим Корай Курсуноғлумен кездесуінде хабарланды.

Сондай-ақ, Орал қаласында қосалқы бөлшектер өндірісін қамтамасыз ететін, сонымен қатар, осы техниканы жөндеумен айналысатын итальяндық компанияның сервистік орталығын құру туралы келісімге қол жеткізілді.