2022 жылдың 09-11 шілде күндері Орал қаласында велосипед спортынан 13-14, 15-16 жастағы жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

2022 жылдың 09-11 шілде күндері Орал қаласында велосипед спортынан 13-14, 15-16 жастағы жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.


Осы турнирге: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарынан 200-ден астам спортшылар қатысады.

Аталған чемпионат велосипед спорт түрін дамыту және кеңінен тарату, спортшылардың кәсіби шеберлігі деңгейін арттыру, жастардың патриоттық сана сезімің тәрбиелеу, бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіледі.  

Өткізілетін орны: Переметное - Үлкен Шаған тас жолы.

Жарыстың басталуы: 09-14 шілде, сағ.10.00, 11 шілде - демалу күні.

Салтанатты ашылуы: 09 шілде, сағ.10.00 , «ОМОРБЖМ» алаңы, Бірлік көш. 7/1