Оралда волейболдан қыздар командалары арасында Қазақстан Республикасының көктемгі Чемпионаты өтті

Оралда волейболдан қыздар командалары арасында Қазақстан Республикасының көктемгі Чемпионаты өтті

2022 жылдың 22-29 наурыз күндері Орал қаласында Волейболдан 2003-2004 ж.т және 2009-2010 ж.т. қыздар командалары арасында Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионаты өздырылды. Жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының командасы, Алматы облысының командасы, Ақтөбе облысының командасы, Жамбыл облысының командасы, Қостанай облысының командасы, Павлодар облысының командасы, Солтүстік Қазақстан облысының командасы, Шығыс Қазақстан облысының командасы және Батыс Қазақстан облысының командыларының спортшылары қатысты. Турнирге қатысушылардың жалпы саны  167 адамды құрайды.