Жасөспірімдер арасында допты хоккейден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті

Жасөспірімдер арасында допты хоккейден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті

2022 жылдың 04-07 ақпан күндері Орал қаласында Жастар стадионында допты хоккейден 2007 ж.т. және одан кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілді. Аталған турнирге Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақтөбе облысы, Батыс Қазақстан облысынан 100-ге жуық спортшылар қатысты. 

          Аталған чемпионат допты хоккейді дамыту және кеңінен тарату, халықаралық спортты іс-шараларда қатыс үшін үздік хоккейшілерді айқындау, патриоттық тәрбие беру жұмысың ұйымдастыру, бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілді.