БҚО ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

БҚО ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

 

Сенбі күні облыс әкімі Ғали Есқалиев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауда қойылған сұрақтарға сәйкес қала және аудан әкімдіктері мен басқарма басшылары қатысты.

Қабылдауға келген тұрғындар өтініші мен ұсынысының дені тұрғын үй мәселесі, кәсіпкерлікті қолдау, тұрғын үй шаруашылығы мәселелері бойынша болды.

Облыс әкімінің қабылдауына ІІІ топ мүгедегі Мырзалы Нұғманов тұрғын үй мәселесі бойынша жүгінді. Аталған азамат 2018 жылдың 26 шілдесінде «Мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлердің» тұрғын үй беру туралы тізіміне алынған. Бүгінгі таңда кезектегі нөмері-7629. Қазіргі таңда азаматқа денсаулығы, отбасылық жағдайы ескеріліп,  үй кезегі келгенше уақытша тұруға баспана берілді.

Бұдан бөлек, қабылдауға келгендер ішінде ПИК қызметтерін дамытуға байланысты пилоттық жоба бойынша ұсынысымен Ерлан Дәрібаев, «Бизнестің жол картасы» аясында мемлекеттік гранттар мен жаңа бизнес идеяларды қаржыландыру мәселесі бойынша Айжан Мазалиева келді.

Қабылдауға келгендерге тиісті сала мамандарымен бизнесті қолдау мен дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар түсіндіріліп,  ұсыныстары назарға алынды. 

Қабылдауға келген өзге де тұрғындардың сұрақтарын өңір басшысы егжей-тегжейлі қарап,  жан-жақты қолдау көрсетіп, жеке бақылауына алды.