
🔹Сессия жұмысына өңірдегі этномәдени бірлестіктер, облыстық Ассамблеяның құрылымдылық бөлімшелері, қоғамдық келісім, ақсақалдар және аналар кеңестері, мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері, жастар қозғалысы мен еріктілер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
🔹Облыс әкімі өзінің сөзінде облыстық ассамблея мүшелерінің назарын Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев белгілеген басым міндеттерді орындауға аударды, бұл - ҚХАА мүшелерін, облыстық Ассамблеяның қоғамдық құрылымдарын саяси реформаларды іске асыруға белсенді қосу, қазақстандық патриотизм, азаматтық теңқұқықтық қағидаттарын, мемлекеттік тілдің біріктіруші рөлін, алуан түрліліктегі бірлікті ілгерілету және ақпараттық жұмысты күшейту.
🔹Сессияда облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы, БҚО ҚХА Журналистер клубының мүшесі Б.Ғұбайдуллин Ұлытаудағы ұлттық Құрылтайдың қатысушысы ретінде ел дамуының тарихи кезеңі, жалпыұлттық бірлікті нығайту жөнінде келелі ойларын ортаға салып, масылдық пиғылмен күресу, отбасылық құндылықтарды дәріптеу турасында пікірін жеткізсе,
«БҚО Орыс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Быков Елордасында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясынан алған әсерін әңгімелеп, өңірдегі азаматтық бірлікті мәдениет пен өнер арқылы нығайту бойынша жүргізу қажеттігін атап көрсетті.
🔹Сондай-ақ, қатысушылар бүгінгі күнде әлемде жаңа сын-қатерлердың туындауына ықпал ететін геосаяси ахуалдың ушығып тұрған уақытында, еліміздің азаматтық бірегейлігін нығайтып, отаншылдық рухты көтеруге баса мән беру керектігі турасында пікірлерін ортаға салып, ұсыныстары талқыланды.
🔹Шараны орытындылаған өңір басшысы Ғали Есқалиев облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің оң динамикасын атап өтіп, өңірлік ҚХА қызметін қайта форматтау, Ассамблея жұмысын мемлекет пен қоғам арасында сындарлы диалог құруға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған нақты істермен толықтыру арқылы жүргізуді ұсынды.