Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні құтты болсын!

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні құтты болсын!

Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында Бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шараға қатысып, БАҚ қызметкерлеріне құрмет көрсетті.

Өңір басшысы ұлттық рухты қалыптастыруда, қоғамдағы әлеуметтік маңызы бар бастамалардың өміршеңдігіне елеулі үлес қосып жүрген журналистердің еңбегін айрықша атап өтіп, елдің дамуына БАҚ өкілдерінің ерекше ықпал еткенін тілге тиек етіп, төл мерекеде тілшілерге ақжарма тілегін арнады.

-Облысымызда журналистика өзінің қалыптасу кезеңінен өтіп, бүгінде ақпараттық кеңістікте өзінің орынын алып отыр. Қарымды қаламгерлер қалыптастырған дәстүрді кейінгі толқын журналистер де лайықты жалғастыра білді. Қазір облыстағы 75 бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері елдің бірлігін нығайту, елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды халыққа жеткізу жолында күш біріктіруде.
Журналист болу үшін кәсіби біліктілікке қоса, батылдық пен табандылық керек. Өзгенің мәселесіне жанашырлық танытып, әрбір іске жауапкершілікпен қарайтын журналисттуі бүкіл халық құрметтейді. Ондай журналистер арамызда аз емес,- деді өңір басшысы.

Кәсіби мерекеде ақпарат саласының дамуына қызмет етіп, өңірдің өркенді істері мен айшықты сәттерін бұқараға насихаттап жүрген бірқатар БАҚ өкілдері марапат төрінен көрінді.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «БҚО-ның Үздік ақпарат қызметкері» төсбелгісімен марапатталғандар қатарында еңбек ардагері, ардагер-журналист Тихон Әліпқали, ардагер-журналистер Людмила Корина, Галина Корчагина, Баян Мұқамбеталиева, Хан Светлана, Дариға Мұштанова, «Информбиржа» газетінің бас редакторы Сергей Кульпин, «Жайық үні» газетінің бас редакторы Мира Шүйіншалиева, «Ақжайық» телеарнасы директорының орынбасары Клара Қамбетова, «Ақжайық» телеарнасының бас есепшісі Әлия Хайруллина, «Ақжайық» телеарнасының редакторы Лұқпан Елеу, «Надежда» газетінің бас редакторы Алла Злобина, ТДК-42 телеарнасының бас режиссері Манарбек Кушалиев, фотограф Виктор Предыбайло, «Уральская газета» газетінің редакторы Инесса Тоболева, фотограф Рафхат Халелов, «Еуразия» телеарнасының меншікті тілшісі Ерденбек Жылқайдарұлы, облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторының орынбасары Сырымбек Тұяқов «Ел және мұғалім» газетінің бас редакторы Жанбол Галиев, ТДК-42 телеарнасының бағдарлама редакторы, тілші Гүлнәр Омарова, «Пульс города» газетінің редакторы Сәуле Загидуллина, «Ақжайық» телеарнасының редакторы Алмагүл Джампейсова, Шыңғырлау аудандық «Серпін» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Гүлшат Ботанова, Казталов аудандық «Ауыл айнасы» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Қайрат Жақыпов, облыстық «Приуралье» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторының орынбасары Наталья Горохова, «Мой город» газетінің бас редакторы Анэль Кайнеденова, «24 ХАБАР» телеарнасының тілшісі Ботакөз Базарбаева бар.
Сондай-ақ, шарада «Баспа және телевизиялық арнайы репортаж» байқауында жеңімпаз атанған Гүлбаршын Ажгереева «Үздік журналист», Ардақ Мұратқызы «Үздік тележурналист», Нұрлан Кунашев «Үздік оператор», Айнұр Төлеуғалиқызы «Үздік тілші», Жаннат Есполаева «Баспа басылымдағы үздік журнал», Тұрар Кенжеғалиев «Үздік телерепортаж», «Үздік репортаж» Людмила Калашникова, «Үздік фотограф» Темірболат Тоқмамбетов, «Үздік желілік басылым» аталымдарымен Нұрлыбек Рахманов, «Батыс Қазақстан облысының журналистика саласына қосқан үлесі үшін» Гүлмира Тілеубаева марапатталды.
Мерекелік шара арнайы концерттік бағдарламаға ұласты.