
Өңір басшысының жұмыс сапары алдымен Хан ордасы ауылынан бастау алды. Ол аталған ауылдағы Жәңгір хан мектебінің және жатақхананың, мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік аудандары тұрғындары тағатсыздана күтіп отырған республикалық маңызы бар жолдардың құрылысын бақылады.
Өңір басшысы жауапты мемлекеттік орган басшыларына жүріп жатқан құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтауын қатаң бақылауға алу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
Аудандық мәдениет үйінде өткен аудан тұрғындарымен кездесуде облыс әкімі Ғали Есқалиев ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайына назар аударып, тұрғындардың талап-тілектеріне құлақ асты.
Бөкей ордасы ауданы облыс орталығынан қашықта жатқан аудан болғандықтан аудан тұрғындардын толғандырған мәселе - қатынас мәселесі.
Кездесуден кейін әдеттегідей аудан тұрғындарына жеке қабылдау өткізді.
Бұл күні өңір басшысы
аудандық аурухананың жұмысымен танысып, ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекесімен құттықтады.