Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Н.Есқалиев 2022 жылғы 17 маусым күні сағат 10:00-де Бөкей ордасы ауданында аудандық мәдениет үйі ғимаратында халықпен кездесу өткізеді.
Тұрғындар өздерінің ұсыныстарын, ескертпелері мен үнқосуларын akimkat_bokeyorda@bko.gov.kz электронды поштасына және whatsapp желісіндегі +7 747 784 58 32 нөміріне жолдауына болады.
Ұсыныстар мен ескертпелерді жолдағанда жіберушінің аты-жөні, тұратын мекен-жайы мен байланыс телефоны көрсетілуі керек.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты
https://www.youtube.com/watch?v=Or5ksws9LO4