Облыс әкімі ардагер Нұрлыбек Бірмановты қабылдады

Облыс әкімі ардагер Нұрлыбек Бірмановты қабылдады

 

Облыс әкімі Ғали Есқалиев 75 жасқа толуына орай саналы ғұмырын туған өлкесінің дамуына арнап келе жатқан бірегей тұлға, Бөкей ордасы ауданының тумасы Бірманов Нұрлыбек Шайдоллаұлын қабылдады.

-Сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға ретінде жақсы білеміз. Бүгінде сіз өзіңіздің мол білім-білігіңізбен іскерлігіңізбен облысқа ғана емес, елімізге танылдыңыз. Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттер Сізді қатардағы маманнан іскер басшы, беделді кәсіпкер, қоғам қайраткері деңгейіне көтерді. Сіз күш-қуатыңыз бен біліміңізді, мол тәжірибеңізді облысымыздың дамуына арнап, әр салада еңбек еттіңіз.
Сізге зор денсаулық, бақ-береке, сарқылмас күш-қуат және отбасыңызға амандық тілеймін! – деді облыс әкімі.

Кездесу барысында Нұрлыбек Шайдоллаұлы облыс тарихы мен оның әлеуметтік-экономикалық дамуы және ауыл шаруашылығын мәселелерін қаузап, мерейтойға орай құрмет көрсеткен облыс басшылығына ризашылын білдірді.