
Сенбі күні облыс әкімі Ғали Есқалиев Қазталов ауданының Жалпақтал ауылында болып, бірқатар әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды аралады. Ғали Есқалиев алдымен “Жалпақтал” АШӨК мобильді мал сою алаңының жұмысымен танысты. Осыдан 4 жыл бұрын «Ынтымақ» несиелік бағдарламасы бойынша Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ұсынған кепілсіз несие көмегімен ашылған шаруашылық бүгінде коператив мүшелерін ғана емес, сонымен қатар ауыл тұрғындарына тұрақты қызмет көрсетіп келеді. Тәулігіне 10-15 бас ірі қара малын соятын қасапханада 3 тонна көлемінде ет сақтайтын камерасы бар. Одан кейін облыс әкімі аудандағы ірі кәсіпкерлік нысандарының бірі “Жалпақтал” супермаркетінде болды. 20 адамды жұмыспен қамтып отырған нысан күніне 620-дай нан өнімдерін саттыққа шығарады. Оның ішінде таба нан, тәтті тоқаштар мен торт, бәліштерден бөлек тұшпара өнімі бар.
Жалпақтал және Қараөзен ауылының таза ауыз сумен қамтамасыз ету аудандағы ең басты мәселелердің бірі болды.
Аталған мәселені жою мақсатында 2021 жылы Жалпақтал ауылындағы екінші су көтергіш станциясын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде тәулігіне 300 куб су беріліп, 6935 адам тұратын Жалпақтал және Қараөзен ауылы үзіліссіз таза ауыз сумен қамтылып отыр. Аталған нысан жұмысымен танысқан облыс әкімі ауыл тұрғындарының ең басты қажеттілігі - ауыз су мәселесін болдырмауды тапсырды.
Жалпақтал ауылында өңір басшысы бас сұққан тағы бір нысан Жалпақтал ауылындағы Ғ.Молдашев атындағы мектептің күрделі жөндеу жұмыстары. «ЮгРемСтройСервис» ЖШС мойнына алған жөндеу жұмыстары өткен жылдың шілде айында жөндеу жұмыстарын бастаған болатын. Күні бүгін бөлінген қаржының 183,1 млн. игерілді. Күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Өңір басшысы жұмыс сапарын қорытындылай келе жауапты мемлекеттік орган басшыларына әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтауын қатаң бақылауға алу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, бұл күні өңір басшысы Ғали Есқалиев Жалпақтал ауылының тұрғындарымен де кездесіп, ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады.