
Мемлекет басшысының "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Жарлығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Казталов ауданының тұрғындарымен кездесіп, жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдады. Ол барлық өтініштер назарға алынып, мәселелер заң аясында шешілетінін айтты.
Кездесу барысында Ғали Есқалиев бірінші кезекте аудан тұрғындарын облыста жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етіп, тұрғындардың толғандырған сұрақтарына жауап берді. Өңір басшысы барлық мәселелер мен ұсыныстар басымдықтар негізінде шешілетінін атап өтті.
Сондай-ақ, халықпен кездесуде Казталов ауданының әкімі Рүстем Зұлқашевтің есебі тыңдалды. Ол жүргізіліп жатқан жұмыстар және ауыл шаруашылығын, білім беруді, әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі алдағы жоспарлар туралы баяндады.
Тұрғындарды негізінен электрмен жабдықтау, әлеуметтік нысандар мен жолдарды жөндеу және т. б. мәселелер қызықтырды.
Кездесуден кейін облыс әкімі Жалпақтал ауылына барып, бірқатар нысандарды аралап, ауыл активінің шақырумен кездесу өткізеді.