ОРАЛДА URALSK GREEN FORUM V ШАРАСЫ ӨТЕДІ

ОРАЛДА URALSK GREEN FORUM V ШАРАСЫ ӨТЕДІ



2022 жылдың 10 маусымы күні сағат 9.00 Орал қаласындағы “Атамекен” өнер орталығында дәстүрлі Uralsk Green Forum шарасы өтеді. Экологиялық форумды Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В» бірлесіп ұйымдастырады. Тұрақты даму саласындағы үздік мамандардың пікір, тәжірибе алмасу және іскерлік алаңына айналып үлгерген шараның биылғы тақырыбы – «Жасыл трансформация: трендтер мен сын-қатерлер».
Форум мақсаты:
1. «Жасыл» экономика тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында тәжірибе алмасу мен әрі қарайғы әріптестік үшін платформа қалыптастыру;
2. Өңірдің тұрақты дамуына қатысты ортақ көзқарас қалыптастыру және бірлесіп күш біріктіру үшін қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша кешенді диалогты күшейту;
3. Жастардың экология мәселелерінен көбірек хабардар болуына жағдай жасау арқылы экологиялық құндылықтарға басымдық беретін жаңа буынды тәрбиелеу.
 
Форумға республикалық және өңірлік деңгейдегі мемлекеттік құрылымдардың, мұнай-газ компанияларының, салалық және мамандандырылған бірлестіктердің өкілдері, экология және жасыл трансформация саласындағы сарапшылар, республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері, БҚО студент жастарының өкілдері қатысады.
Шара аясында Батыс Қазақстан облысының студенттері үшін «Тұрақты болашақ үшін жасыл бағыт» Eco-Talks өтеді.
Аккредитация сұрақтары бойынша +7775 649 3995, +7 707 349 0730 нөмірлеріне хабарласуға болады.