БҚО-ҒА ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ ҚАЙЫРБЕК ӨСКЕНБАЕВ КЕЛДІ

БҚО-ҒА ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ ҚАЙЫРБЕК ӨСКЕНБАЕВ КЕЛДІ

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жұмыс барысымен Батыс Қазақстан облысына келді.
Екі күндік жұмыс сапары барысында ведомство басшысы облыстағы республикалық маңызы бар автокөлік жолдарындағы жөндеу жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ шалғай елді мекен тұрғындарымен кездесулер өткізді.
Министрлік басшысы «Орал қ. – Казталовка ауылы – «Казталовка – Жәнібек – РФ шекарасы» автожолы – «Өнеге – Бисен – Сайқын» автожолы – Хан Ордасы ауылы – Құрманғазы ауылы (Ганюшкино) Атырау облысы – «Атырау-Астрахань» бағыты бойынша жүріп өтті.
Осы ретте атап өткен жөн, бүгінге дейін министр өңірдегі бірқатар нысандарда болып үлгерді. Қайырбек Өскенбаев мердігер компания өкілдерімен кездесулерде қойылған міндеттемелерді уақытылы және тиімді орындауды және де «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ басшылығына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Айта кету керек, қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысындағы «Казталовка – Жәнібек – РФ шекарасы» және «Өнеге – Бисен – Сайқын» автожолдарында жалпы ұзындығы 248 шақырымды құрайтын жолдарда күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр және бүгінде аталған көлік дәліздерінің 55 шақырымы пайдалануға берілді.