
Оралда «Жасыл ел» жастар еңбек және құрылыс жасақтарының ХVІІI еңбек маусымының ашылуы салтанатты түрде өтті. Оған облыс әкімі Ғали Есқалиев, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысты.
«Жасыл Ел» жастар еңбек және құрылыс жасақтары жыл сайын үздік еңбек етіп, мол нәтижелерге қол жеткізуде. Өткен жылдың өзінде облыс бойынша 1175 сарбаз еңбек етіп, оның 344-і қала аумағына, 831-і аудандарға бөлінді. Сарбаздар қала аумағында, Деркөл және Зачаганск кентінде, 12 аудан мен ауылдарда еңбек етті. Сонымен қатар, аудан әкімдерімен жүргізілген келісім сөздердің арқасында Тасқала, Теректі және Жәнібек аудандарында «Жасыл Ел» сарбаздарымен бірге пилоттық түрде көкіністер егу жұмыстары жүргізілді.
Шарада «Табиғат пен адам – біртұтас» эсселер байқауының жеңімпаздарын анықталып, жеңімпаздар жүлделі І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталады.
Шара концерттік бағдарламамен жалғасты.