
Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері үшін жобалық басқарудың үлгілік базалық бағыты шеңберінде "Қоғамдық сананы жаңғырту" жобалар тобының міндеттерін іске асыру мақсатында қоғам қайраткері Олжас Серікбайұлы Сүлейменовпен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов өзінің еңбек жолымен және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру тәжірибесімен бөлісті.
Сондай-ақ, қатысушылар өзара пікір алмасып, қоғам қайраткеріне көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.