Оралда үздіктер шеруі өтті

Оралда үздіктер шеруі өтті

 

Бүгін Оралда 1 маусым - дүниежүзілік балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс өткен оқу жылында үздік шығып, халықаралық, республикалық жарыстарға қатысып, жүлдегер атанған оқушылар үшін «Сен үздіксің» атты үздіктер шеруі өтті.
 
Өңір басшысы Ғали Есқалиев құттықтау сөз сөйлеп, халықаралық, республикалық, облыстық жарыстарға қатысып, жүлдегер болған оқушыларды және жетекшілерін марапаттады.

Өңірімізде халықаралық және республикалық додаларда бағын сынап, жетістікті бағындырған 60 оқушы болса, олардың 39-ы республикалық олимпиада, 21 оқушы ғылыми жобалар, конкурстар жеңімпаздары.
 
Шара барысында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған Абай атындағы  мектеп-гимназия интернатының 11-сынып оқушысы Үмбетәлі Әли ұстаздарына алғыс айтса, Вольдорф бағытындағы мектеп-гимназиясы оқушылары «Біз Қазақстан балалары» әнін орындады.

Мерекелік шара соңы облыс әкімімен естелік суретке түсумен аяқталды.