БҚО-да саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты шаралар өтуде

БҚО-да саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты шаралар өтуде

Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

Осыған орай облыс әкімі Ғали Есқалиев саяси құрбандарға арналған ескерткіш басына барып, қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті.

Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

1920-1950 жылдары КСРО-да 3 млн 777 мың адам саяси қуғынға ұшырап, соның 642 мыңы атылған. Қазақстанда 103 мыңдай адам саяси қуғынға душар болып, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілген.

Батыс Қазақстан облысының өзінен шамамен 40 мыңнан астам адам саяси қуғын-сүргін құрбаны болған.