Оралда соғыс ардагері Мұхтар Әжіғұловтың тұрған үйіне тақтайша орнатылды

Оралда соғыс ардагері Мұхтар Әжіғұловтың тұрған үйіне тақтайша орнатылды

 

Бүгін Орал қаласындағы Ұлы Отан соғысының ардагері, полковник Мұхтар Әжіғұловтың туғанына 100 жыл толуына орай өзі тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.
Ардагер арамызда болса, биыл 100 жасқа толған болар еді.
Шараға жиналған қауым бүгінгі ұрпаққа өнегелі өмір өрнегімен есте қалған ардагер жөніндегі естеліктерімен бөлісті.
Әжіғұлов Мұхтар 1922 жылы 1 мамыр күні Бөкей ордасы ауданында дүниеге келген. 1930 жылы мектеп табалдырығын аттап, кейін М.Горький атындағы Орда орта мектебін үздік бітіреді. 1942 жылдың маусым айына дейін Орда аудандық оқу бөлімінің бас есепшісі, Азғыр орта мектебінде жоғары сыныптарда математика және физикадан сабақ берді. Осы жылы әскер қатарына алынып, майданға аттанады. Жеңіс жорықтарын Дон, Воронеж, І, ІІ Прибалтика майдандарында ерлікпен шайқасты.
Оның майдандағы ерлігі мен бейбіт күндегі еңбегі мемлекет тарапынан ІІ-дәрежелі «Отан соғысы», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет», екі мәрте «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін» және бірнеше мерекелік медальдармен лайықты бағаланды.
Мемориалдық тақтаны облыс әкімі Ғали Есқалиев ашты. Еңбек ардагері Бақтығали Ахметов майдангердің өмірі мен өнегесі жөнінде естеліктерімен бөлісті.