
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Бәйтерек ауданы облыс халқын ауыл шаруашылық өнімімен қамтып отырған аграрлы аудан.
22 ауылдық округ, 68 елдімекені бар Бәйтерек ауданының бюджеті – 15,5 млрд, тг., оның ішінде салықтық қаражат – 3,5 млрд. теңгені құрайды.
Ауданның инфрақұрылымын жетілдіру, кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығын дамыту, инвестициялық жобаларды іске асыру, жаңа жұмыс орындарын құру бағытында өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімінің қысқаша баяндамасынан кейун есеп беру кездесуі сұрақ-жауап форматына ойысты.
Айта кету керек, аудан тұрғындары облыс әкіміне сұрақтарын есеп беру кездесу барысында, YouTube арнасындағы ресми аккаунтта онлайн-трансляция арқылы қоюға мүмкіндік алды.
Кездесу аяқталған соң, Ғали Есқалиев жергілікті атқарушы органдардың, прокуратура және ішкі істер органдарының басшылық құрамымен, мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңестер мүшелерімен, жергілікті зиялылармен бірлесіп, азаматтарды жеке қабылдауды өткізді.
Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің Бәйтерек ауданы тұрғындарымен кездесуінің толық бейнежазбасы