
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Н.Есқалиев 2022 жылғы 28 сәуірде сағат 10.00-де Сырым ауданы Жымпиты ауылындағы аудандық мәдениет үйі ғимаратында халықпен кездесу өткізеді.
Тұрғындар өздерінің ұсыныстарын, ескертпелері мен үнқосуларын akim_sirim@bko.gov.kz электронды поштасына және whatsapp желісіндегі + 7 705 990 96 48 нөміріне жолдауына болады.
Ұсыныстар мен ескертпелерді жолдағанда жіберушінің аты-жөні, тұратын мекен-жайы мен байланыс телефоны көрсетілуі керек.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты