
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұловтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша аймақтық комиссия отырысы өтті.
Аталған шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Амантай Рашкалиев, комиссия мүшелері мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Комиссия отырысында еліміздің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды.
Шара соңында өңір тұрғындары мен мемлекеттік органдар арасында байланыс орнатуға бағытталған Сарайшық 47 мекен-жайы бойынша жаңа форматта құрылған «Аbsolute integrity» алаңы ашылды.
Жаңа алаң мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушіліктің қоғамдық ахуалын қалыптастыру бағытында жұмыс жасайды.
Жобаның ұстанымы –адалдық, әділдік және қарапайымдылық.