
Конкурстық комиссияның шешімімен Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарамасының басшысы болып Есалиев Альберт Темірболатұлы тағайындалды.
Есалиев Альберт Темірболатұлы 1980 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары, Батыс Қазақстан гуманитарлық универститетін «Жоғары кәсіби білімді тарих пәнінің мұғалімі», «Еуразия» Батыс Қазақстан тілдер және менеджмент институтының «Экономика» мамандықтары бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын Зеленов ауданы Переметный орта мектебінде мұғалім болып бастаған.
Әр жылдары:
Зеленов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы;
Зеленов ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және бақылау бөлімінің меңгерушісі;
Зеленов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы, мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің меңгерушісі;
Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары;
Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімі болып қызмет етті.
2019 жылдың тамыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Казталов ауданы әкімі болып қызмет атқарды.