Кадрлық тағайындау

Кадрлық тағайындау



Меритократия қағидасына сәйкес ҚР Президенті Әкімшілігі келісімімен Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімі болып Зұлқашев Рүстем Мүлкәйұлы тағайындалды.
Зұлқашев Рүстем Мүлкәйұлы 1965 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 1989 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық Институтын ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1989 жылы Орда ауданының «Орда» кеңшарының инженер-механигі болып бастаған.
Әр жылдары:
Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары;
Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;
Бөкей ордасы ауданы, Орда ауылының әкімі;
Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитетінің БҚО Бөкей ордасы аудандық аумақтық инспекциясының басшысы болып еңбек етті.
2019 жылдың наурыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Казталов ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.