
Облыс әкімдігінде БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтың төрағалығымен 2021 жылдың күзінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әскери құрылымдары қатарына азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру қорытындылары және 2022 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанына дайындық бойынша кеңес өтті.
Кеңеске облыстың, Орал қаласының және аудандардың шақыру және медициналық комиссияларының төрағалары мен мүшелері, сондай-ақ ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, ҚР ІІМ Ұлттық ұланының, БҚО полиция департаментінің өкілдері және облыстың мүдделі мемлекеттік органдары қатысты.
Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері күзгі шақыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Айта кетейік, күзгі шақыру науқанының қорытындысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясы, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі және ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері қатарына 600-ге жуық адам шақырылды.
Кеңес барысында көктемгі әскерге шақыру науқаны шеңберінде әскери командаларды уақтылы жасақтау бойынша нақты міндеттер қойылды.