
11 желтоқсан күні облыс әкімі Ғали Есқалиевтің қатысуымен Жалпақтал ауылындағы көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Аймақ басшысы мерейтой қарсаңындағы іссапары барысында ауданымыздағы инфрақұрылымдық нысандарды аралап, құрылыс жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, ауданымыздың дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай мерекелік төсбелгі табыстады.
Бүгін Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Жалпақтал ауылында 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. «Nurly jer» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған, жалпы аумағы 730,0 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстарын «Design shool» ЖШС жүргізді. Атыраулық мердігердің жұмысында еліміздегі эпидемиологиялық ахуал мен құрылыс заттарының қымбаттауына байланысты қиыншылықтар туындағанымен, құрылыс жұмыстары сапалы жүргізілді. Тұрғын үйдің салтанатты ашылу шарасында облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы жалпақталдықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, пәтер иелеріне шаңырақтарының кілтін табыстады. Мемлекеттік бағдарламамен салынған тұрғын үйден пәтерге ие болғандардың бірі көпбалалы ана Әлия Хайрова өзінің ризашылығын білдірді.
- Мемлекет тарапынан халыққа қолдау артып келеді. Соның ішінде, көпбалаалы аналарға деген мүмкіндіктер өте көп. Бүгін көпбалалы аналарға, үйі апатты деп танылған отбасыларға, әр түрлі салада қызмет етіп жүрген жандарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға пәтер кілттері табысталды.
Көпбалалы ана ретінде мен де мемлекет қолдауына ие болған жандар қатарынан табылып, пәтерге ие болып жатырмын. Пәтер жанға жайлы, кең. Құрылыс жұмыстары да сапалы жүргізілген. Мен өзімнің атымнан және тұрғындар атынан облысымыздың, ауданымыздың басшылығына шексіз ризашылығымды білдіремін, - деді көпбалалы ана.
Аймақ басшысы пәтерлерді аралап, құрылыс сапасымен танысты. Тұрғын үйдің әр пәтері көгілдір отынмен, ауыз сумен, бірқатар тұрмыстық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, тұрғын үй аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, балалар ойын алаңы да бой көтеріп, бүлдршіндердің де қуанышы еселеніп отыр. Абаттандыру жұмыстарын «Жайық Сити» ЖШС жүргізген болатын.
Алайда, елдегі жүргізіліп жатқан реформалардың басты мақсаты – азаматтарымыздың әл-ауқатын түбегейлі дақсарту екенін әсте естен шығармау керек, - деп, ауданымызда атқарылған жұмыстар мен келер жылдың еншісіндегі жоспарларға тоқталып өтті.
Салтанатты шарада зейнеткерлер Тұрақбай Дүйсенов, Айсұлу Иманғалиева, Ұзақбай Мақатов, Талап Мұқанов, Уалиолла Абешов, Райса Алғазиева, Болат Мұсағалиев, Мұқанғали Бектілеуов, Самиғолла Сарбаев, Нағым Ризуанов, Исмағұл Мусин, «Дорремсервис» ЖШС басшысы Мұрат Ахметжанов, «Дауылбай» ШҚ жетекшісі Бақтығали Дүйсенғалиев, Қошанкөл ауылының кітапханашысы Лиза Ақболатова, «Әжікей» ШҚ жетекшісі Мырзагелді Таспихов, Казталов ауданының әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев, Бостандық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Максим Қожағалиев, «БейНазар-Б» ШҚ механизаторы Абай Қажиахметов, Қараөзен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Азамат Абуғалиев ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай мерекелік төсбелгімен марапатталды. Мерекелік шарада ауданымыздың өнерпаздары сахна төрінен табылып, жұртшылыққа өнерлерін паш етті.