БҚО әкімі Ғали Есқалиев Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпинмен кездесті.

БҚО әкімі Ғали Есқалиев Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпинмен кездесті.


Кездесу "МашЗавод" машина жасау консорциумы, "Орал механикалық зауыты" ЖШС және "Уральскагрореммаш"АҚ басшылығының қатысуымен өтті.
- Біз аумағы жағынан Беларусь Республикасына және жалпы Шығыс Еуропаға жақынбыз. Біздің аталған елмен ортақ мүдделеріміз және ең бастысы ынтымақтастыққа, бизнес қарым-қатынастар мен мәдени байланыстарды дамытуға деген ниетіміз бар, - деп атап өтті облыс әкімі кіріспе сөзінде.
Өңір басшысы сондай-ақ өндірісте жұмыс істей алатын өңірдің жақсы кадрлық әлеуетін атап өтті. Оны жүзеге асыру үшін мықты машина жасау және басқа салалармен танымал Беларусь тарапымен бірлескен жобаларға қызығушылық жоғары.
Ғали Есқалиев БҚО-мен газ, сүт, ет өнімдері мен жүн, әскери техника, өнеркәсіптік бояулар, жеңіл өнеркәсіп, сүт өнімдері, құрылыс материалдары, қалалық коммуналдық техника салаларының ынтымақтастық келешегі туралы атап өтті.
Павел Утюпин бірінші кезекте барлық батысқазақстандықтарды Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, алдағы дамуына табыс тіледі.
- Беларусь Республикасында бар мүмкіндіктерді ескере отырып, әлеуетті бағыттарды іздеу Қазақстан үшін пайдалы болуы мүмкін.Бұл ретте өңіраралық ынтымақтастық республикалық деңгейдегі байланыстарды тиімді түрде толықтырады, - деді П.Утюпин.
Елші ҚР-ның түрлі өңірлерінде тракторлар өндірісі бойынша іске асырылған жобалар туралы, өрт техникасын, оның ішінде "Орал механикалық зауыты"ЖШС-мен бірлесіп өндіру туралы айтып берді.
Кездесу барысында Беларусь тарапының МЖӘ арқылы жер үсті нысандары құрылысының жобалары талқыланды.
Өңір басшысы ынтымақтастық бағыты ретінде Ресей Федерациясымен шекарада көлік-логистикалық хабтар салынатынын атап өтті. Олардың бірі БҚО аумағында, әуежайдың жанында, аумағы 21 га болатын жүк терминалын құру жоспарланып отыр.
Соңында облыс әкімі бизнесмендер арасында тікелей байланыс орнату үшін РФ өңірлерімен іскерлік кеңестер құру тәжірибесі туралы айтып, Беларусь Республикасының өңірлерімен кеңестер құруды ұсынды.
Кездесуден кейін елшінің БҚО-дағы жұмыс сапары "Орал механикалық зауыты" ЖШС-да, "Оралагрореммаш"АҚ-да болды.