Хабарлама

Хабарлама

Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Экология кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өндірістік және басқа да объектілерді салуға және одан әрі пайдалануға байланысты, қоршаған ортаға араласудың басқа түрлерімен, оның ішінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялармен байланысты жоспарланған қызметі, сондай-ақ осындай өзгерістерге қызметі қоршаған ортаға әсерін бағалауға жатады.

Кодекстің 68 бабының 5 тармағы 2 тармақшасына сәйке, егер бастамашы жоспарланған қызмет туралы барлық қажетті ақпаратты қамтитын өтініш берсе, уәкілетті орган оның көшірмесін мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.

Мүдделі мемлекеттік органдар - бұл қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволары, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган, құзыретіне жоспарланған қызметтің құрамына кіретін бір немесе бірнеше қызмет түрлерін реттеуді қамтитын мемлекеттік органдар. Осындай қызмет түрлері үшін рұқсат беру немесе хабарлама алу, сондай-ақ зардап шеккен аумақтың ішінде толық немесе ішінара орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары.

Кодекстің 68 бабының 5 тармағы 2 тармақшасына және  Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 20 тамыздағы № 337 бұйрығына 2-қосымшаның 6 тармағына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті  «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» ЖТАҚ Қазақстандық филиалының белгіленіп отырған қызмет туралы 2021 жылғы 22 қазандағы №KZ46RYS00173464 өтінішін жолдайды.

Сонымен бірге, жоғарыда аталған өтінішке өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды Департаментке ағымдағы жылдың 8 қарашаға дейін беруіңіз сұралады.

Көзделіп отырған қызмет туралы өтінішке қатысты жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстары Департаменттің келесі пошталық және электрондық мекенжайлары арқылы жүзеге асырылады: 090000, Орал қаласы, Л. Толстой көшесі, 59; zko-ecodep@ecogeo.gov.kz, zko_oos@mail.kz.

 

Көзделіп отырған қызмет туралы өтініш