
Бүгін облыс əкімі Ғали Есқалиевтің қатысуымен «Атамекен» ҚР ҰКП Батыс Қазақстан облысының кəсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің отырысы өтті.
Басқосуға сондай-ақ «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев қатысты. Отырыс барысында өңірлік кеңес мүшелерінің дауыс беруі арқылы кеңестің жаңа төрағасы болып Мұрат Жəкібаев сайланды.
Аталмыш кеңестің бұрынғы төрағасы Валерий Жүнісов пен кеңес мүшелері жаңа төрағаның жұмысына сəттілік тіледі. Өз кезегінде сөз алған жаңа төраға да өзіне сенім артқан əріптестеріне ризашылығын білдіріп, бизнесті дамыту бағытында белсенді жұмысты жалғастыратынын айтты.