
Өңір басшысының орынбасары Б.Азбаев өткізу бекетінің күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді.
Бекеттегі 2 жолаққа қосымша 8 жолақты жол салынып, барлығы 10 жолақты жол болады. Бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 2 млрд. тг. астам қаражат бөлінді. Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары жауапты мекемелерге жұмыстың қарқынын тездетуге және басты назарды сапаға аудару керектігін ескертті.