
Кездесу барысында өңіріміздің мәдениеті мен өнерінің дамуы турасында әңгіме өрбіді.Сондай-ақ, Меруерт Қаратайқызының жетекшілігімен өңірімізге Қазақ Ұлттық өнер университетінің актер шеберлігі және режиссура кафедрасының студенттері келді. Бүгін Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында сағат 17.00-де университет студенттері «Sol bir kez» атты музыкалық спектаклін қояды. Кіру тегін, келем деушілерге есік ашық. Сонымен қатар, 18-19 маусым күндері студенттік театр Қазталов пен Жаңақала аудандарында спектакль қоятын болады.