Кадрлық тағайындау

Кадрлық тағайындау

 

        ҚР Президенті Әкімшілігі келісімімен және облыс әкімінің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Өтеғұлов Арман Кәрімұлы тағайындалды.

Өтеғұлов Арман Кәрімұлы – 1964 жылы туған. Білімі - жоғары. Саратов зоотехникалық-ветеринарлық институтын,  Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін, Қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «мал дәрігері», «экономика бакалавры», «экономика ғылымдарының магистрі» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

 

Әр жылдары:

-       Казталов ауданы әкімінің орынбасары;

-       Қаратөбе және Теректі аудандарының әкімі;

-       Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы;

-       Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары;

-       Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы;

2020 жылдан бастап Теректі ауданының әкімі қызметін атқарды.

 

Арман Кәрімұлы Өтеғұлов ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму, жер қатынастары, цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін болады.