Бүгін Оралда үй кезегінде тұрған көп балалы 10 отбасыға, мемлекеттік бағдарлама аясында жаңа үйдің кілті табысталды. Салтанатты шараға қала әкімі Мұрат Мұқаев қатысып, тұрғындарды құттықтады.
- Елбасы тапсырмасына сәйкес, республикалық және қалалық бюджет есебінен 70 пәтерлі үй салынып басталды. Бүгін - мереке күні 10 пәтердің кілтін бердік. Бұдан бөлек қалада 432 пәтерлік екі үй салынуда. Биыл 500 отбасыға берілетін тағы үш үйдің құрылысы басталады. Бұл жұмыс жүйелі түрде жалғаса береді,- деді қала әкімі.
- - Пәтер кезегінде 17 жыл тұрдым. Өте қуаныштымын. Бүгін үш бөлмелі үй алдым. Үнемі халқының тұрмысын, әл-ауқатын жақсарту үшін еңбектеніп жүретін Елбасыға, басшыларға көп-көп рахмет. Алғысымыз шексіз- дейді көп балалы ана Балғаным Айтқалиева. Айта кетейік, үйдің құрылысын "Орал Полимер" ЖШС жүргізген.