
Бүгін облыс әкімі, "Nur Otan" партиясының БҚОФ төрағасы Ғали Есқалиев азаматтарды жеке мәселелері бойынша онлайн форматта қабылдады.
Онлайн сұхбатқа қойылған сұрақтарға сәйкес Орал қаласы, аудандар әкімдігінің, сондай-ақ облыстық басқармалардың басшылығы қосылды.
Қабылдау барысында өңір тұрғындары кәсіпкерлік, тұрғын үй, жер телімдерін беру, сондай-ақ құқықтық сипаттағы мәселелер қозғалды.
Облыс әкіміне Орал қаласының тұрғыны қаладағы жер телімдерін аукционға шығарудан бас тарту туралы өтінішпен жүгінді. Өтініш беруші осы аумақтарда наубайхана ашу және тамақ өнімдерін сату үшін ғимараттар салуды жоспарлап отыр. Өтініш білдіргендерге кондоминиуммен келісім бойынша Зачаганск кентінің аулаларында жер учаскелерін жалға алу ұсынылды. Облыс әкімі қала тұрғынына осы ауданда салынып жатқан үйлер мен 1 қабаттағы коммерциялық алаңдар туралы ақпарат беруді тапсырды.
Сондай-ақ, тұрғын үйді жекешелендіруге қатысты өтініш қаралды. Отбасының ауыр тұрмыс жағдайына байланысты мүмкіндігі шектеулі тұрғынға уақытша пәтер ұсынылды. Облыс әкімі отбасы пәтерде тұруды жалғастыра алатынын және кезек келген кезде оны жекешелендіре алатынын атап өтті.
Өңір басшысы әр мәселені егжей-тегжейлі қарап, қала басшылығы мен басқармаларға заңнамаға және қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес өтініш жасағандарға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.
Аймақ басшысының тұрақты қабылдауына жазылғысы келетін тұрғындар келесі нөмірге қоңырау шалуы керек 8 (7112) 24-20-36, 24-20-57, 24-20-51. Жазу сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі.