БҚО-да ауыл әкімдерін сайлау кезінде COVID-19 індетін болдырмау үшін қандай шаралар қабылданып жатыр

БҚО-да ауыл әкімдерін сайлау кезінде COVID-19 індетін болдырмау үшін қандай шаралар қабылданып жатыр

Бұл туралы бүгін брифингте БҚО бас санитарлық дәрігері Мұхаметғали Арыспаев мәлімдеді.

Сайлау процесінің барлық қатысушылары келесі шараларды сақтауы керек: бір реттік медициналық маскаларды кию режимі, 1,5 – 2 метр қашықтықты сақтау, антисептиктерді қолдану, қол алысуды болдырмау.

Үй-жайдан тыс дауыс беру:
Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруді ұйымдастыру үшін шығуды жүзеге асыратын сайлау комиссиясының мүшелері жеке қорғаныш құралдарымен (бір рет қолданылатын халаттар, қорғаныш маскалар, бір рет қолданылатын қолғаптар, қолға арналған антисептиктер) қамтамасыз етіледі.
Үйде емделуіне немесе КВИ кезінде карантинде болуына байланысты өзін-өзі оқшаулау режиміндегі сайлаушыларға шығу кезінде дауыс беру пәтерге (үйге) кірмей-ақ ұйымдастырылуы тиіс.

БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі