Cайлаушылар таңдауларын жасауда

Cайлаушылар таңдауларын жасауда

 

Қаратөбе ауданының Аққозы, Жусандыой, Сулыкөл ауылдық округтерінде ауыл әкімдерінің сайлауы өтуде.

Жалпы үш округтегі сайлау учаскелерінде сайлаушылардың дауыс беруі қарқынды жүріп жатыр.
Аталмыш ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауына 7 үміткер түсуде. Оның екеуі «Nur Оtаn» партиясынан ұсынылғандар.
Аудандық сайлау комиссиясының сағат 12 -дегі мәліметіне сай Аққозы ауылдық округі бойынша сайлау учаскелерінде 402 сайлаушының 227-сі, Жусандыой ауылдық округі бойынша 620 сайлаушының 368-і , Сулыкөл ауылдық округінде 1175 сайлаушының 690-ны дауыс берген.
Жалпы аудан бойынша 2 197 сайлаушының 1285-сі дауыс беріп, таңдауларын жасады.
Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Қайырқұлұлының айтуынша аудандағы 3 ауылдық округте де халықтың дауыс беруі сайлау заңдарына және санитарлық талаптарға сай өтуде.

Жайық Пресс