Бәйтерек сайлаушылары белсенді

Бәйтерек сайлаушылары белсенді

 

Таң сәріде басталған ауыл әкімдерін сайлау әлі жалғасуда Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының берген мәліметі бойынша, қазіргі таңда Чиров, Январцев және Зеленый ауылдарында тіркелген 2890 сайлаушының 1703-і дауыс беріп үлгерген. Бұл барлық сайлаушылардың 58,9 пайызын құрайды.

Тарқатып айтар болсақ, Зеленый ауылындағы 974 сайлаушының 547-сі өз таңдауын жасапты. Ол 56,2 пайыз сайлаушы өз даусын бергенін көрсетеді. Ал Чиров ауылында сайлаушылардың 62,6 пайызы дауыс беріп үлгерген. Бұл 305 сайлаушының 191-і өз таңдауын жасағанын білдіреді. Сондай-ақ январцевтық ағайын да науқанға белсенді қатысуда. Бұл округте 1611 сайлаушы болса, қазір олардың 965-і сайлау учаскесінде болған. Яғни сайлау құқығына ие болған тұрғындардың 59,9 пайызы өз таңдауын жасапты.

Бұл көрсеткіштер әр екі сағат сайын жаңартылып отырады.

Жайық Пресс